Бішкек маңында граната жарылып, балалар зардап шекті

Фотография - Бішкек маңында граната жарылып, балалар зардап шекті

Пригородное селосында орын алған бұл оқыс оқиғаның болу себебін ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тексеруге кірісті.

196 0

Кеше, сенбі күні Қырғызстан астанасы – Бішкек қаласының маңында граната жарылып, бес адам зардап шкті. Олардың үшеуі балалар болса, бір бүлдіршін аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы "Sputnik Кыргызстан" ақпарына сүйенген egemen.kz хабарлады.

Шу облысы, Аламадун ауданы, Пригородное селосында орын алған бұл оқыс оқиғаның болу себебін ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тексеруге кірісті.

"Сенбі күні шамамен сағат 12 кезінде милиция бөліміне Пригородное айылындағы май құю стансасында жарылыс болғаны туралы дабыл түсті. Оқиға орнына барған жедел-іздестіру тобы жарылыс белгілерін тапқан жоқ, алайда, басқа жерде – колбаса цехының ішінде граната жарылғанын анықтады", – делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, жарылыс металл өңдеу цехының құрылысы үшін дайындық жұмыстары жүріп жатқан жерде орын алған. Осында жұмыс істейтіндер өздері тауып алған шулы гранатаны қоймаға қояды. Оны Жалал-Абад облысы, Созақ ауданын 1984 жылы туған А. Н. деген жұмысшы жігіт қолына алып, ойнап отырғанында жарып алады. Ол жарылғыш қарудің чегін байқамай суырып алады.

Қазір Шу аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жарылғыш қондырғының шыққан тегі мен түрін анықтап жатыр. Осыған байланысты сот-баллистикалық және жарылыс-техникалық сараптамасы тағайындалды. Болған оқиғаның себебін анықтау жұмысы жалғасуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!