Мұхаммед Әли жұма күні туған қаласында жерленеді

Фотография - Мұхаммед Әли жұма күні туған қаласында жерленеді

Жерлеу рәсіміне АҚШ-тың бұрынғы Президенті Билл Клинтон қатысады.

301 0

Атақты кәсіпқой бокс королі Мұхаммед Әлиді жерлеу рәсімі алдағы жұма күні туған қаласы Кентукки штатының Луисвилль қаласында өтеді. Бұл туралы Би-би-си агенттігі хабарлады.

Жерлеу рәсіміне АҚШ-тың бұрынғы Президенті Билл Клинтон қатысады. Ол қаралы жиында соңғы сөзді айтатын болады.

Жерлеу рәсімі бірнеше елге интернет трансляция арқылы тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Айта кетейік, аты аңызға айналған боксшы кеше 75 жасқа қараған шағында АҚШ-тың Аризона штатында қайтыс болған болатын.

Боксшы өмірінің соңғы 30 жылын паркинсон дертімен күресумен өткізді. Осыдан екі күн бұрын тыныс алу мүшелері сыр беріп, ауруханаға жатқызылған еді. Ал бүгін таңертең жарық дүниемен қоштасқаны белгілі болды.

Ол кәсіпқой бокста ауыр салмақта үш мәрте әлемнің чемпионы атанған жалғыз боксшы. 20 жылға созылған созылған спорттық карьерасында 56 кездесу өткізіп, 37-сінде нокаутпен жеңіске жеткен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!