Перуде бұрынғы премьер президент болуы мүмкін

Фотография - Перуде бұрынғы премьер президент болуы мүмкін

Бұрынғы премьердің көпшілік қолдауына ие болуына оның сайлауалды бағдарламасы сеп болуда

140 0

Перудегі президент сайлауының екінші кезеңінде бұрынғы премьер Педро Пабло көш бастап келеді. Бұл туралы экзит-пол мамандары мәлімдеген. Алайда ол өзінің басты қарсыласы абақтыға жабылған бұрынғы президент Альберто Фухиморидің қызынан 1% ғана артық дауыс жинаған. Бұрынғы премьердің көпшілік қолдауына ие болуына оның сайлауалды бағдарламасы сеп болуда. Ол елдегі салық көлемін азайтып, бизнесті дамытуға мүдделі. Сол арқылы халықты жұмыспен қамтып, тұрғындарды кедейліктен арылтуға уәде еткен. Дегенмен саяси доданың нақты нәтижесі жергілікті уақыт бойынша 20:00-де жариялануы тиіс. Ал жаңа президентті ұлықтау рәсімі 28 шілдеге жоспарланған, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!