Бельгияда қауіпсіздік шаралары үшінші деңгейде тұр

Фотография - Бельгияда қауіпсіздік шаралары үшінші деңгейде тұр

Ораза кезінде террорлық шабуыл болуы мүмкін екенін ескеріп, жағдайға сараптама жасаған

135 0

Мұқым мұсылман 12 айдың сұлтаны деп санайтын Рамазан айында Бельгияда лаңкестік шабуыл болуы мүмкін. Сондықтан, қауіпсіздік шаралары үшінші деңгейге дейін көтерілген. Бұл жөнінде Бельгияның бұқаралық ақпарат құралдары елдің Ішкі істер министрлігінің Қауіпті сараптау орталығына сілтеме жасап хабарлайды. Орталық мамандары "Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы" тарапынан Ораза кезінде террорлық шабуыл болуы мүмкін екенін ескеріп, жағдайға сараптама жасаған. Себебі, радикалды топ өкілдері бұған дейін «Рамазан – жиһад айы, сондықтан теріс діндегілер үшін азапты айға айналады» деген хабарлама таратқан болатын. Ішкі істер министрлігі қауіпті жоққа шығарғанымен, сақтық шарасын күшейтіп жатыр, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!