Грекияда ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

Фотография - Грекияда ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

Ауыруды басатын дәрінің 26 млн капсуласы матадан тігілген дастарқан салынған қораптарға жасырылған еке

145 0

Грекияның Пирей қаласының кемежайында синтетикалық есірткінің ірі көлемі тәркіленді, деп хабарлады 24.kz.

Ауыруды басатын дәрінің 26 млн капсуласы матадан тігілген дастарқан салынған қораптарға жасырылған екен. Олардың Үндістаннан келгені белгілі. Алдын ала мәлімет бойынша, қаскөйлер тыйым салынған затты кейін Ливиядағы ТГИЛ тобының мүшелеріне жеткізуді жоспарлаған. Тәркіленген есірткінің құны шамамен 13 млн долларға бағаланып отыр. 

Лукас Данабасис, Грекияның экономикалық қылмыспен күрес департаментінің өкілі: - Нью-Делиден жөнелтілген контейнер туралы ақпарат АҚШ-тың есірткімен күрес агенттігіндегі әріптестерімізден келіп түсті. Есірткі Ливияға жеткізілуі керек болған. Тыйым салынған затты қабылдап алуы тиіс компания өкілдерінің ТГИЛ лаңкестерімен байланысы болуы мүмкін деген болжам бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!