АҚШ-тың Флорида штатында төтенше жағдай жарияланды

Фотография - АҚШ-тың Флорида штатында төтенше жағдай жарияланды

Қазір желдің жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жетеді

268 0

АҚШ-тың Флорида штатының оңтүстік бөлігінде "Колин" тропикалық дауылы ойран салуда, деп хабарлады 24.kz. 

Қазір желдің жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жетеді. Осыған байланысты жергілікті билік штатта төтенше жағдай тәртібін енгізді. Ұлттық гвардияның резервте тұрған 6 мың қызметкері жоғары дайындықтан өткізілген. Сондай-ақ, 250 адамнан тұратын жедел әрекет ету тобы да құрылды. Ал, синоптиктер алдағы уақытта желдің күшейетінін ескертіп, толассыз жауған нөсер соңы су тасқынына ұласуы мүмкін деп топшылап отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!