Германиядағы босқындар орталығы өртенді

Фотография - Германиядағы босқындар орталығы өртенді

28 адам түрлі дәрежеде жарақат алған

235 0

Германияның батысындағы Дюссельдорф қаласында босқындар орталығы отқа оранды. Жергілікті арналардың хабарлауынша, өрттен 28 адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Бұрын көрме орталығы болып, кейін босқындар мекеніне айналған нысанда 130 мигрант болған. Барлығы дін-аман қауіпсіз аймаққа шығып үлгерді. Өрт сөндірушілер қазір қызыл жалынның таралуын тоқтатқанын, бірақ оны сөндіру жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді. Ал полиция қасақана от қойды деген күдікпен екі адамды қамауға алды, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!