Жаппай ауызашар өткізуге тыйым салынды

Фотография - Жаппай ауызашар өткізуге тыйым салынды

Өзбекстан билігі жастарды әртүрлі діни ағымдардың жетегіне еріп кетпеу үшін, жастарды жаппай намаз оқу орындарына жіберуге тосқауылдады.

316 0

Өзбекстан Рамазан кезінде жаппай ифтарға тыйым салды, деп, хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары шейх Абдулазиз Мансұрдың сөзінше, мұндай ұсыныс исламның тарихынан бері болған.

"Біздің пайғамбарымыздың заманында ифтарды кешкі ауызашарға ас таппаған адамдарға арнап дайындаған. Алайда, біздің заманда бұл бір той-думанға айналып кетті. Сол себептен де біз жергілікті әкімдікке тыйым салу жөнінде ұсыныс жасадық. Бұл жылы мейрамханаларда және қоғамдық тамақтану орындарында ешқандай ифтар болмайды", – деп хабарлады шейх Абдулазиз Мансұр.

Ол, сонымен бірге, биыл өзбекстандықтарға ауызашар рәсімін өз үйлерінде даңғазасыз атап өту ұсынылғанын айтады.

Еске сала кетейік, Өзбекстанға ифтарға тыйым салу 2014-2015 жылдары енгізілген. Өткен жылы Өзбекстан мешіттерінде ұзақ жылдардан бері бірінші рет мешіттерде ауызашар жасауға рұқсат берген. Енді бұл жолы қайтадан тыйым салынып отыр.

Мұнан бөлек Өзбекстан билігі жастарды әртүрлі діни ағымдардың жетегіне еріп кетпеу үшін, жастарды жаппай намаз оқу орындарына жіберуге тосқауыл қойған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!