Қазақстан әлемнің бейбітсүйгіш елдер тізімінде – 75-орында

Фотография - Қазақстан әлемнің бейбітсүйгіш елдер тізімінде – 75-орында

Сарапшылар жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша Сирия жаһандық рейтингтің соңына іліккен.

106 0

Қазақстан Сиднейде Экономика және әлем институты жариялаған жаһандық бейбітсүйгіш индексінде 75-ші орыннан көрінді. Былтыр қазақ елі 87-орында тұрған болатын, деп хабарлайды BNews.kz.

Бейбітсүйгіш елдер тізімінің көшін Исландия бастап тұр. Одан кейінгі орындарға Дания, Австрия, Жаңа Зеландия мен  Португалия жайғасқан.

Сарапшылар жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша Сирия жаһандық рейтингтің соңына іліккен.

Ал көршілес Ресей бір жыл ішінде бейбітсүйгіштік көрсеткішін 1 сатыға жақсартып, 163 мемлекеттің ішінде 151-орынға табан тіреді.

Халықаралық сарапшылардың пайымынша, қазіргі алмағайып заманда ынтымағы мен бірлігі жарасқан, бейбіт жолмен гүлденіп, көркейіп келе жатқан тек 10 ел бар. Олар – Ботсвана, Вьетнам, Катар, Коста-Рика, Маврикий, Панама, Уругвай, Чили, Швейцария және Жапония. Бұл мелекеттер ішкі немесе сыртқы дау-жанжалдан іргесін аулақ салады.

Сиднейдегі Экономика және бейбітшілік институтының мамандары бір жыл ішінде әлемде қауіп-қатер біршама артқанын атап өтті.  Бұған көші-қон дағдарысы мен халықаралық лаңкестік себеп болған.

Жаһандық бейбітсүйгіштік индексі ішкі факторларды, атап айтсақ елдегі зорлық-зомбылық пен қылмыс деңгейін, сондай-ақ сыртқы – мемлекеттің халықарылық қатынасы мен әскери шығындарды есепке алады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!