Венесуэлада азық-түлік қоғамдық кеңес арқылы таратылатын болды

Фотография - Венесуэлада азық-түлік қоғамдық кеңес арқылы таратылатын болды

Мұндай мәлімдемені елдің Азық-түлік министрі жасады

186 0

Венесуэла тұрғындарына азық-түлік қоғамдық кеңес арқылы таратылатын болды, деп хабарлады 24.kz. 

Мұндай мәлімдемені елдің Азық-түлік министрі жасады. Айтуынша, мұқтаж жандарды бір күндік аспен қамтамасыз ету үшін мың тоннаға жуық тағам түрлері сатып алынған. Бірақ кейбір саясаткерлер, билікке қарасты кеңес мүшелері азық-түлікті бөлу кезінде оппозиция жақтастарын шеттетуі мүмкін деп алаңдайды. Қазір Венесуэланы экономикалық және саяси дағдарыс жайлаған. Оның үстіне қаржылық жағдайы қара алтынға тәуелді елдің ахуалы мұнай бағасы төмендегелі мүлдеп ушығып кетті. Билік электр қуатын үнемдеу үшін мемлекеттік мекемелердегі жұмыс уақытын аптасына екі күнге дейін қысқартты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!