Иракта экстремистер 3 мың жылдық тарихы көне ғибадатхананы күл-талқан етті

Фотография - Иракта экстремистер 3 мың жылдық тарихы көне ғибадатхананы күл-талқан етті

Ғаламторда жарияланған бейнежазбада экстремистер Гизадағы Египет пирамидаларын жер бетінен жойып жібереміз деп сес көрсеткен

294 0

Иракта содырлар 3 мың жылға жуық тарихы бар Набу ғибадатханасын күл-талқан етті, деп хабарлады 24.kz.

"Ирак пен Левант лаңкестік тобының" мүшелері нысанда жарылыстар жасап, әрі бульдозермен қиратқан. Ғаламторда жарияланған бейнежазбада экстремистер Гизадағы Египет пирамидаларын жер бетінен жойып жібереміз деп сес көрсеткен. Естеріңізде болса, "Ирак пен Левант лаңкестік тобының" содырлары өткен жылдың мамырында Сирияның Пальмира қаласындағы көне ескерткіштерді қиратқан еді. Биыл наурыздың аяғында үкімет жасағы бұл аумақты өз бақылауына кері қайтарған. Қазір ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне кірген көне жәдігерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!