Үндістан ауруханасында адам органдарын сатқан

Фотография - Үндістан ауруханасында адам органдарын сатқан

Тәртіп сақшыларының пікірінше, күдіктілер жұртты азын-аулақ ақшаға – 7,5 мың долларға бір бүйрегін сатуға көндіреді екен

294 0

Үнді полициясы Делидегі жеке клиникалардың бірінде адамның бүйрегі заңсыз сатылып жатқанын анықтады, деп жазды egemen.kz.

Құқық қорғау органдары осы дерек бойынша дереу бес адамды тұтқынға алды. Олардың ішіндегі екеуі Apollo Hospital поликлиникасының қызметкерлері болған.

Тәртіп сақшыларының пікірінше, күдіктілер жұртты азын-аулақ ақшаға – 7,5 мың долларға бір бүйрегін сатуға көндіреді екен. Қаскөйлер сосын осы органдарды қара базарда сатып, айтарлықтай көп ақша табатын көрінеді.

Поликлиника қызметкерлері өздеріне бұл бүйректердің қандай жолмен келетінін жақсы білсе керек. Қылмыстық топ мүшелері бұларды науқасқа операция жасалар кезде туыстары өз бүйректерін бергендей етіп толтырып, жалған құжаттар дайындап алатын болып шықты.

Ал аурухана басшылығының өзі болса, қылмыскерлердің алдауларына түсіп қалғандарын айтып отыр. Сондықтан полициямен бірге жұмыс жасасуға дайын екендерін білдірді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!