Трамп Орландодағы лаңкестікке байланысты Обаманы отставкаға кетуге шақырды

Фотография - Трамп Орландодағы лаңкестікке байланысты Обаманы отставкаға кетуге шақырды

Дональд Трамп басқарушы биліктің әлсіздігін сынға алды.

308 0

АҚШ-та президентікке үміткер Дональд Трамп қазіргі мемлекет басшысын Барак Обаманы Орландодағы гей-клубта болған лаңкестікке байланысты отставкаға кетуге шақырды. Бұл арызын миллиардер өзңінің ресми сайтында жариялаған, деп хабарлайды Today.kz Газета.ru-а сілтеме жасай отырып.

"Бүгін өзінің мәлімдемесінде президент Обама "радикалды ислам" деп айтудан бас тартты. Осы себепті ол отстакаға кетуі керек", - деді Трамп.

Ертеректе Дональд Трамп өзінің Twitter-дегі микроблогында мемлекет басшыларын сынға алып, оларды әлсіз деп атаған.

Естеріңізге сала кетейік, 12 маусым күні америкалық Орландода (Флорида штаты) Омар Мартин лаңкестік жасады. Салдарынан 50 адам қаза тауып, 53 адам жарақат алған.  Атыс кезінде террористтің көзі жойылды. Айта кетейік, ҚР СІМ қайғылы оқиғаға байланысты АҚШ азаматтарына көңіл айтты. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!