Құранды өртемек болған исламофоб сот залында еңіреп жылады

Фотография - Құранды өртемек болған исламофоб сот залында еңіреп жылады

Сот Гариге 100 сағат ақысыз қоғамдық жұмыстарды атқаруға шешім шығарды.

249 0

Әлеуметтік желіде қасиетті Құран Кәрімді өртейтінін мәлімдеп, мұсылмандарға ядролық бомба тастауға шақырған Гари Фарримонд қылмысы әшкереленіп, сот залынан бір-ақ шыққан кезде еңіреп жылаудан еш қымсынбады. Әлеуметтік желідегі желігі басылып, желі шыққан доптай болған исламофоб бұл әрекетке бір досының айтақтауымен барғанын айтып жалтармақ болған.

Манчестерде өткен сот барысында прокурор Тесс Кеньон Гаридың Фейсбук парақшасында жарияланған пікірін оқып, кінәсін бұлтартпастан мойнына қойып берді. Ол жазбасында жақында "шіркеулердің мешітке айналатынын" айтып байбалам салған. Құран кітабын сатып алып, оны өртейтінін мәлімдеген.

Сондай-ақ, ол мұсылман мемлекеттеріне "ядролық бомба тасталатынына" үмітті екенін айтқан. Оған осы жазбасы үшін қылмыстық іс қозғалып отыр.

49 жастағы азамат сот барысында өзінің исламофобиялық әрекеті үшін өкінетінін айтып, көз жасын көлдеткен. Ал, оның қорғаушысы Мелиса Фаган Гаридың бұл қадамға баруына досы себепкер болған деп отыр.

Сот Гариге 100 сағат ақысыз қоғамдық жұмыстарды атқаруға шешім шығарды.

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!