Зорланған голландиялық қызды зинақорлық жасады деп түрмеге жапты

Фотография - Зорланған голландиялық қызды зинақорлық жасады деп түрмеге жапты

Жақын уақытта бойжеткен өз еліне депортацияланады.

4646 0

Зорланған голландиялық қызды зинақорлық жасады деп түрмеге жапты.

Катарда Нидерланды тұрғынын, өзін зорландым деген қызға айыппұл салып және некеге дейін сексуалды қарым-қатынасқа түскені үшін түрмеге жапты, деп хабарлайды Al Jazeera.

Наурызда 22-жасар Лаура есімді Нидерланды азаматшасы демалысын Дохада W Doha Hotel қонақ үйінде орналасқан Crystal Lounge клубында болған.  Коктейль ішкен ол есінен танған, ал оянған кезде өзі танымайтын пәтерде болған. Сол жерде ол өзінің зорланғанын білген. Лаура полицияға барған, алайда ондағылар қызды қамауға алған. Сот голландиялық қызды зинақорлық жасады деп танып, шартты түрде бір жыл бас бостандығынан айырды және 845 доллар айыппұл салды. Сот үкімді "жұмсақ" деді, егер мұсылман қызы болғанда ең аз дегенде бес жылға сотталар еді. Нидерланды СІМ бойжеткеннің жақын арада өз еліне оралатынын айтқан.

Қызды зорлаған Сириялық Омар Абдулла аль-Хасан деген жігіт. Зинақорлық пен қоғамдық жерде спирттік ішімдіктер ішкені үшін 140 рет дүре соғылады және айыппұл салынып жер аударылады.

Dutch News, басылымының ақпараты бойынша, басында Омар Абдулла аль-Хасан қызға түн үшін ақша төлегенін айтқан, сосын барып жазадан құтыл ушін Лаураға тұрмысқа шығуды өтінген. Голландиялық қыз  бас тартқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!