Украина Ресейге өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмекті жеткізуді тоқтатты

Фотография - Украина Ресейге өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмекті жеткізуді тоқтатты

Өндіруші препараттың сатып алу бағасын көтермек

297 0

Украиналық өндіруші Ресейге бұл елдің өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектер тізіміне енетін Мезатон препаратын жеткізуді тоқтатты, деп жазады РИА Новости.

Басылымның жазуынша, Мезатон Харьков ғылыми орталығының жанындағы Тәжірибелік зауытта шығарылады. Бұл препаратты реаниматолог, анестезиолог және акушерлер наркоз ретінде жаппай қолданады, сонымен бірге ол жарақат пен жаралар алғанда, қан айналымының өткір жетіспеушілігі кезінде қолданылады.  

Ресейдің денсаулық саласын қадағалау органында препаратты жеткізуді тоқтату себебі белгісіз болып отырғанын айтады. Дегенмен, өндіруші компания өкілі Наталья Ворона бұл дәрмекке баға алты жыл өзгертілмегенін және енді оны бұрынғы бағамен жеткізу өздерін шығынға батырумен тең екендігін жеткізген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!