РФ Орта Азия елдеріне гуманитарлық көмекке миллион доллар бөледі

Фотография - РФ Орта Азия елдеріне гуманитарлық көмекке миллион доллар бөледі

2015–2016 жылдары Ресейде ТМД елдерінен 75 мыңнан астам студент оқыды, соның ішінде 55 мыңнан астамы — Орта Азиядан.

98 0

Мәскеу жыл сайын Орта Азия елдеріне экономикалық және гуманитарлық көмекке миллиондаған доллар көмек бөледі. Бұл туралы "Российская газета" басылымында авторлық мақаласында РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"БАҚ-та ресейлік сыртқы саясаттың гуманитарлық көмегі туралы мақалаларды жиі кездестіруге болады. Олардың көбі сыни сипатта. Біз үшін маңызды өңірлердің бірі Орта Азия болып табылады. Бұл біздің жай ғана көршіміз емес, бұл стратегиялық серіктестеріміз және бұрынғы достарымыз. Соған байланысты статистиканы келтіргім кеп отыр. Ол өзі үшін өзі сөйлейді", — деді Карасин.

Оның мәліметінше, 2015–2016 жылдары Ресейде ТМД елдерінен 75 мыңнан астам студент оқыды, соның ішінде 55 мыңнан астамы — Орта Азиядан. Осы студенттердің көпшілігі РФ федералдық бюджеті есебінен оқиды, бұл мақсатқа жылына 100 миллион долларға жуық қаражат бөлінеді, деп келтіреді Карасин.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!