Лондон мэрі жартылай жалаңаш бейнелерді жарнамалауға тыйым салды

Фотография - Лондон мэрі жартылай жалаңаш бейнелерді жарнамалауға тыйым салды

Айтуынша, мұндай жарнамалар дене пішімі стандартқа сай келмейтін бойжеткендердің психикасына кері әсерін тигізеді

165 0

Лондонның жаңа Мэрі Садик Хан қоғамдық көліктерде жартылай жалаңаш бейнелерді жарнамалауға тыйым салды. Бұл туралы 24.kz хабарлап отыр. 

Айтуынша, мұндай жарнамалар дене пішімі стандартқа сай келмейтін бойжеткендердің психикасына кері әсерін тигізеді. Мэрдің мұндай шешім шығаруына 70 мың тұрғынның шағымы да себеп болды. Енді Ұлыбритания астанасында ілінетін жарнамаларды мамандар тексеріп, шаһар әкімшілігі рұқсат беруі тиіс. Айта кеткен жөн, Садик Хан Лондон мэрі атанған алғашқы мұсылман. Ол 6 мамырда сайланбай тұрып-ақ осы жарнама түрін түбегейлі құртуға уәде еткен. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!