Парижде ереуілшілер мен полиция қақтығысып, 40 адам зардап шекті

Фотография - Парижде ереуілшілер мен полиция қақтығысып, 40 адам зардап шекті

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шеруге 80 мыңға жуық адам шықты

143 0

Франция астанасында ереуілшілер мен полиция қақтығысып, 40 адам зардап шекті. Олардың 27-сі тәртіп сақшысы, деп жазды 24.kz.

Елдегі Еуропа чемпионатына қарамай, кәсіподақ мүшелері Еңбек заңындағы реформаға қарсы ереуілді тоқтатар емес. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шеруге 80 мыңға жуық адам шықты. Париждегі наразы топты тарқату үшін полиция күш қолдануға мәжбүр болған. Қақтығыс кезінде 60 адам қамауға алынды. Айта кеткен жөн бас көтеріп жатқандардың кесірінен елдегі қоғамдық көліктердің қозғалысы бұзылған. Эйфель мұнарасы уақытша жабылды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!