Венесуэлада жаппай тамақ ұрлағаны үшін 400 адам ұсталды

Фотография - Венесуэлада жаппай тамақ ұрлағаны үшін 400 адам ұсталды

Полиция оларды дүкендерден шыға берісте ұстаған

858 0

Венесуэла полициясы Кумана қаласында дүкендерді жаппай тонаудан кейін 400-ден астам адамды тұтқындады, деп хабарлайды "Газета.Ru" El Impulso сілтеме жасай отырып.

Полиция қолында азық-түлікпен басқада тауарлары бар адамдарды сату орталығының алдында ұстаған. Оқиға қаладағы азық-түлік, дәрі-дәрмек және бірінші қажеттіліктегі заттар жетіспеушілігінен болған. Бір адам қаза тауып, 12 адам жараланған.Бұл оқиғаның бәрі төрт күндік тәртіпсіздік аясында болған. Ұсталғандар арасында кәмелетке толмағандар көп.

Естеріңізге салсақ, әлемде ірі мұнай қоры бар елде 2016 жылдың қаңтар айында төтенше экономикалық жағдай жарияланды. Венесуэла билігі ұлттық валютаны 59 пайызға төмендеткен.

Соңғы айларда тауар жетіспеушілігінен  елдегі жағдай ушығып кетті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!