Лилльдегі тәртіпсіздіктер салдарынан 40 ағылшын жанкүйері қамалды

Фотография - Лилльдегі тәртіпсіздіктер салдарынан 40 ағылшын жанкүйері қамалды

Францияның Лилль қаласында Ресей мен Словакия матчынан кейін қызуқанды жанкүйерлер бүлік шығарған

125 0

Футболдан Еуропа чемпионатының кезекті кездесуінде фанаттар мен полицейлер арасында тағы қақтығыс болды, деп хабарлады 24.kz.

Францияның Лилль қаласында Ресей мен Словакия матчынан кейін қызуқанды жанкүйерлер бүлік шығарған. Тәртіп сақшылары бірнеше көшені жауып, көзден жас ағызатын газ қолданды. Салдарынан 16 адам жараланып, 40 ағылшын фанаты қамалды. Естеріңізге сала кетейік, Еуропа чемпионатындағы ұлттық командалар жанкүйерлерінің арасында төбелес толастамай тұр. Осының алдында УЕФА Англия құрамасының фанаттарымен төбелес шығарғаны үшін Ресей футбол одағына 150 мың еуро көлемінде айыппұл салып, егер мұндай жағдай қайталанатын болса, команданы ойыннан аластататыны жайында ескерткен еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!