EgyptAir ұшағы құлаған аумақ анықталды

Фотография - EgyptAir ұшағы құлаған аумақ анықталды

Египет Азаматтық авиация өкілдерінің мәліметі бойынша, ұшақтың қара жәшігі зақымданған

329 0

Жерорта теңізінің үстінде жоғалып кеткен А320 ұшағының қай жерге құлағаны белгілі болды, деп жазды 24.kz. 

19 мамырда радардан ғайып болған EgyptAir әуекомпаниясының лайнерін іздеу тобы су түбінде жатқан ұшақ қалдықтарын суретке түсіріп, сараптамаға жіберген. Египет Азаматтық авиация өкілдерінің мәліметі бойынша, ұшақтың қара жәшігі зақымданған. Соған қарамастан, мамандар оны су бетіне алып шықты. Енді ұшақ қалдықтары құлаған аймақтың картасы әзірленбек. Бөлшектер су бетінен 3 шақырым тереңдікте жатыр. Еске сала кетейік, Парижден Каирге бет алған EgyptAir әуекомпаниясының ұшағы 19 мамыр күні Жерорта теңізінің үстіне келгенде радар бетінен жоғалып кеткен еді. Ұшақ бортында 66 адам болған. Әзірге апаттың себебі белгісіз.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!