Ұлыбританияның парламент депутаты Джо Кокс шабуылдан қаза тапты

Фотография - Ұлыбританияның парламент депутаты Джо Кокс шабуылдан қаза тапты

41 жастағы депутат әйелге белгісіз біреу оқ атып, артынан пышақ салған.

152 0

Ұлыбританияның Берстолл қаласында ел парламентінің мүшесі Джо Коксқа шабуыл жасалып, ауруханада көз жұмды, деп хабарлады 24.kz.

 Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 41 жастағы депутат әйелге белгісіз біреу оқ атып, артынан пышақ салған. Күдікті қамауға алынды. Оның мұндай қастандыққа не үшін барғаны әзірге белгісіз. Полицияның мәліметі бойынша, шабуыл Кокс жергілікті сайлаушылармен апта сайын кездесулер өткізетін кітапхананың жанында жасалған. Ол ғимараттан шыққан кезде өзара керісіп тұрған 2 ер адамның бірі оқ атып, пышақ ала жүгірген. Екінші күдікті іздестірілуде. Саясаткерге жасалған қастандықтан кейін Ұлыбританияның Еуропалық одақ құрамынан шығу науқанына қатысты үгіт-насихат жұмыстары уақытша тоқтатылды. Премьер-министр Дэвид Кэмерон Гибралтар аймағында өткізуді жоспарлаған митингіні кейінге шегерді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!