Геманияда екі әйел алуға тиым салды

Фотография - Геманияда екі әйел алуға тиым салды

Ел билігі оларға әйел үстіне әйел алуға заң жүзінде тыйым салды

334 0

Германиядағы мұсылман елдерінен келген мигранттар өздеріне тән кейбір тарихы арыда жатқан әдет-ғұрпынан бас тартуына тура келіп отыр.

Ел билігі оларға әйел үстіне әйел алуға заң жүзінде тыйым салды. Бұл жайында Германия федеративті республикасының әділет министрі Хайко Маас мәлімдеме жасады.

"Германия заңы тарихы тым арыда жатқан салт-дәстүрден жоғары тұрады. Осы елдің азаматтығын алғысы келетін мигранттар мұнда әдет-ғұрыптан бас тартуы тиіс",- деді министр.

Айта кетейік, Еуропадағы миграциялық дағдарыс кезінде босқындар арасында жасы 16-ға толмаған қыздармен 160 некелесу оқиғасы орын алған екен. 

Islam.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!