Мысырдың экс-президенті өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілді

Фотография - Мысырдың экс-президенті өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілді

Мұхаммед Мүрси 2013 жылғы әскери төңкерістің нәтижесінде тағынан құлатылған болатын.

237 0

Мысырдың бұрынғы президенті Мұхаммед Мүрси Катардың пайдасына тыңшылық жасағаны үшін өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілді.

Мұндай шешімді Каирдің қылмыстық соты шығарған. Бұл іс бойынша барлығы 11 адам сотталды. Тергеу ісіне сәйкес, олар катарлық жансыздарға Мысыр барлау қызметі, бюджет пен әскер туралы құжаттарды берген. Бірақ сотталғандар кінәларын мойындамай, мұның барлығы жаңа биліктің жапқан жаласы дейді. Сот отырысы 19 айға созылған. Осы уақыт аралығында жүзге жуық отырыс өткен.

Айта кетейік, Мұхаммед Мүрси 2013 жылғы әскери төңкерістің нәтижесінде тағынан құлатылған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!