Канада тұрғыны лотереядан 55 млн доллар ұтып алды

Фотография - Канада тұрғыны лотереядан 55 млн доллар ұтып алды

Билет Онтарио провинциясының Торонто қаласында сатып алыныпты.

180 0

Канада тұрғыны Lotto Max ұлттық лотереясының джекпотын ұтып алды. Жүлде сомасы 55 млн долларды құраған. Билет Онтарио провинциясының Торонто қаласында сатып алыныпты.

Бұған қоса, тағы екі билеттен 1 млн Канада доллары (775 мың АҚШ долларына жақын) көлемінде ұтыс шықты. Ұтыстардың бірі екі ойыншы арасында теңдей бөлінеді.  Maxmillion лотереясының бақытты билеттері Квебек пен Онтарио провинцияларында алынған, деп жазады Newswire.ca порталы.

8 мамыр күні Американың Нью-Джерси штатының тұрғыны Powerball лотереясынан 429,6 млн доллар ұтып алған болатын. Сәуір айының басында ұлттық лотерея тарихындағы ең үлкен джекпотқа – 35,1 млн фунт стерлингке Ұлыбритания азаматы ие болған еді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!