Карелияда көлге қайықпен серуендеуге шыққан 14 бала көз жұмды

Фотография - Карелияда көлге қайықпен серуендеуге шыққан 14 бала көз жұмды

20 маусым Карелияда аза тұту күні болып жарияланды.

630 0

"Парк-Отель Сямозеро" сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалар Сямозеро көліне қайықпен серуенге шығып, дауылға тап болған.

Ресей ТЖМ Солтүстік-Батыс аймақтық орталығының баспасөз қызметі хабарлағандай, Карелияның Сямозеро көлінде іздеу-құтқару жұмыстары толығымен аяқталған.

Бұған дейін 13 бала мен бір ересек адамның қайтыс болғаны туралы мәлімделген болатын. Үш қайықта барлығы 47 бала мен төрт ересек нұсқаушы отырған. Дауылдан көлде толқын тұрып, қайықтың екеуі аударылып қалған.

Тергеу комитеті мәлім еткендей, қазіргі таңда қаза тапқан 14 баланың  мәйіті тексеріліп, олардың барлығы лагерьдің 2002-2004 жылы туған демалушылары екені белгілі болып отыр. Қайтыс болғандардың арасында ересек адам жоқ.

Ал балалар омбудсмені Павел Астахов 15 бала көз жұмды деп мәлімдеді.

Омбудсмен Твиттердегі парақшасына "қатты дауыл қайықтарды аударып тастаған" деп жазады. Ол сондай-ақ құтқару жилеттерін киген балалар ғана аман қалғанын атап көрсеткен. Ал кейін кейбір агенттіктер балалардың барлығының да үстінде құтқару жилеттері болғанын жазды.

Мәлім болғандай, 12-і мен 17-і жас аралығындағы жасөспірімдердің басым көпшілігі Карелияға Мәскеуден демалуға келген балалар екен.

Жергілікті баспасөз оқушылар мен олардың қасындағы ересектер көлге серуенге ешкімді ескертпестен шыққанын хабарлады.

ТЖМ оқыс оқиға жайлы дабыл келіп түскен бойда аталған жерге құтқарушылар, ұшақтар жөнелтілгенімен, түн қараңғылығы мен қолайсыз ауа райы құтқару операциясын қиындатқан.

Ұзақ уақыт бойы суық суда болған, түрлі жарақат пен стресс алған балалардың бесеуіне медициналық көмек көрсетілген.

Көлге саяхатты ұйымдастырған екі тәрбиеші қамауға алынып, олардан қазір жауап алынуда.

Аймақ басшысы Александр Худилайненнің айтуынша, Карелия билігі Сямозеро көлінің жағасында орналасқан лагерьді жабу мәселесін қарайтын болады.

20 маусым Карелияда аза тұту күні болып жарияланды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!