Якутияда полиция тайгада босанған әйел мен дәрігерлерді аюлардан қорғап жүрген

Фотография - Якутияда полиция тайгада босанған әйел мен дәрігерлерді аюлардан қорғап жүрген

Сурет Мирный орталық аудандық ауруханасы баспасөз қызметінен

Жүктіліктің 40 аптасындағы әйел күйеуі мен туыстарына балық аулауға көмектеспек болад

164 0

Өткен демалыста Якутияның дәрігерлеріне ну орманда жүкті әйелді босандыруға тура келген, ал бұл кезде құтқарушылар және полицейлер босанып жатқан әйел мен дәрігерлерді аюлардан қорғап жүрген, деп хабарлайды елдің денсаулық сақтау министрілігі.

Ведомствоның ақпараты бойынша, жүктіліктің 40 аптасындағы әйел күйеуі мен туыстарына балық аулауға көмектеспек болады. Балықшылар тайгадағы көлге бет алған. Сенбі күні әйелдің толғағы басталып, күйеуі мен әпкесі оны аураханаға алып кетеді. Бірақ жолда көлік балшыққа батып тұрып қалған. Әйел адаммен бірге әпкесі қалады да, ер адам ұялы телефоны байланыс "ұстайды" деген үмітпен жолға қарай шығады.

Сол күні сағат 23:28-де жедел жәрдем қызметіне Мирный қаласынан қашықтықта ну орманда әйел адам босанып жатыр деген ақпарат келіп түскен. Жедел жәрдем, ТЖД мен полиция көмекке шыққанымен жер сазды болғандықтан көліктер жете алмаған. Осыған байланысты олар діттеген жеріне бірнеше сағат жаяу жүрген.

Босану кезінде қан кетіп жағдай ауырлайды да, табелдік қаруы бар ТЖД мен полиция қызметкерлеріне әйел мен дәрігерлерді маңайда жүрген аюлардан қорғауна тура келген.

Босанған әйел мен нәрестені құтқарушылар көлікке дейін көтеріп шығарған. Қазіргі кезде әйел адамның жағдайы қалыпты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!