Индонезияда су тасқынынан 31 адам қаза тапты

Фотография - Индонезияда су тасқынынан 31 адам қаза тапты

Жергілікті билік зардап шеккендерді уақытша баспаналарға орналастырып жатыр.

173 0

Индонезияның Ява аралында табиғат апатынан қаза тапқандар саны 31 адамға жетті. Қазіргі таңда іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. "Франс-Пресс" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әлі 19 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

"Біз 31 адамның денесін таба алдық. Құтқару тобы 19 адамды іздеп жатыр", – делінген хабарламада. Осыған дейін 24 адамның қаза тауып, 26 тұрғынның жоғалып кеткені белгілі болған.

Жергілікті билік зардап шеккендерді уақытша баспаналарға орналастырып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі жол бойын құлаған ағаштар мен тастардан тазарту жұмыстарымен айналысуда.

egemen.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!