АҚШ босқындарға көмекке $20 млн бөледі

Фотография - АҚШ босқындарға көмекке $20 млн бөледі

Ол шешім Әл-Фаллуджадағы әскери оперцияға байланысты қабылданған

213 0

АҚШ билігі Ирактағы босқындарға гуманитарлық көмек көрсету үшін 20 млн доллар бөледі, деп хабарлады 24.kz.

 Ол шешім Әл-Фаллуджадағы әскери оперцияға байланысты қабылданған. БҰҰ-ның мәлімдеуінше, бүгінде бұл қаланың 85 мыңға жуық тұрғыны үйлерін тастап босып жүр. Қазір шаһар іргесінде оларға арнап лагерьлер құрылған. Алайда оған сыймаған жұрт шөл далада, ашық аспан астында өмір сүруге мәжбүр. Айта кеткен жөн, 23 мамырда үкімет жасағы Әл-Фаллуджаны өз бақылауына кері қайтару операциясын бастаған еді. Ол екі жыл бойы "Ирак пен Левант лаңкестік тобы" содырларының уысында болған. Ал 17 маусымда Ирак премьер-министрі шаһардың экстремистерден азат етілгенін жария етті. Дегенмен лаңкестер әлі күнге дейін қаланың шетіндегі кейбір аудандарда бекініп отыр. Сондықтан мұнда қарулы қақтығыс жалғасып жатыр. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!