Боливия президенті қолданыстағы күнтізбені алып тастауды ұсынды

Фотография - Боливия президенті қолданыстағы күнтізбені алып тастауды ұсынды

Боливия халқы үндістердің күн санау жүйесі бойынша 5524-жылды қарсы алды

321 0

Боливия халқы үндістердің күн санау жүйесі бойынша 5524-жылды қарсы алды. Ал Боливия президенті Эво Моралес елде григориан күнтізбесінің күшін жойып, жергілікті үндістердің байырғы күнтізбесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды 24.kz.

 21 маусым күні аймаралардың Жаңа жыл мерекесін атап өтуге қатысқан Эво Моралес григориан күнтізбесінің "дәл еместігін" айтты. Саясаткер ежелгі үндістердің күн санау жүйесін енгізу "халықтың ұлттық тұрғыда бір болуын қалпына келтіретіндігін" де айтты. Сондай-ақ Эво Моралестің мәлімдеуінше, "григориан күнтізбесін үндістерге еуропалықтар саяси мақсаттарды көздей отырып қолдандырған".

Аймаралар – бұл Боливиядағы үндіс тайпаларының бірі және Моралес осы халықтың өкілі болып табылады. Аймаралардың күнтізбесі бойынша 1 жыл он үш айдан, ал әр ай 28 күннен тұрады. Президенттің өзі барлық айдағы күндердің бірдей болуын үндістер күнтізбесінің басты артықшылығы ретінде атап көрсетті.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!