Үндістанда найзағайдан қаза тапқандар саны 130 адамға жуықтады

Фотография - Үндістанда найзағайдан қаза тапқандар саны 130 адамға жуықтады

Тағы 80-нен астам тұрғын суға батып және құлаған шатырлар мен ағаштардың астында қалып ажал құшқан

246 0

Үндістанда екі тәулік ішінде найзағай түсіп қаза тапқандар қатары 128 адамға жетті, деп хабарлады 24.kz. 

Тағы 80-нен астам тұрғын суға батып және құлаған шатырлар мен ағаштардың астында қалып ажал құшқан. Осылайша, табиғи апаттардан мерт болғандардың жалпы саны 200-ден асты. Марқұмдардың көбі Бихар штатынан. Мұнда 72 адам мерт болды. Арасында 3 бала бар. Бұдан басқа 300 бас мал қырылып, 900 гектар ауылшаруашылық алқабы жарамсыз болып қалған. Елдің солтүстік-шығысында толассыз жауған нөсер соңы тасқынға ұласып, жергілікті инфрақұрылым нысандары істен шығып, электр желілері үзіліп, жолдарды шайып жатыр. Айта кетейік, найзағай – Үндістанда жаз бойы тоқтамай жауатын жаңбыр маусымы кезінде жиі кездесетін табиғи құбылыс. Бұл елде жыл сайын 2,5 мыңнан 3 мыңға дейін тұрғын жан тапсырады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!