Леонардо Ди Каприо ықпалды адамдардың ондығына кірді

Фотография - Леонардо Ди Каприо ықпалды адамдардың ондығына кірді

Ал бірінші орында Walt Disney Pictures компаниясының басшысы 65 жастағы Боб Айгер тұр.

161 0

Lenta.ru сайты әйгілі Голливуд актері Леонардо Ди Каприо The Hollywood Reporter басылымының нұсқасы бойынша ойын-сауық индустриясындағы ықпалды адамдардың тізіміне енді. 

Актер үздік ондыққа жайғасқан. Мәліметтер бойынша, оның бір ғана "Аман қалған" (The Revenant) фильмінен дүние жүзі бойынша 532 миллион доллар пайда түскен. Осы фильмнің арқасында ол көптен күткен "Оскар" сыйлығын жеңіп алды. Сонымен қатар, киносыншылар оны "Алтын глобус" пен "Сыншылар таңдауы" бас жүлделерін берген.

Ол The Hollywood Reporter басылымының үздік ондығына кірген жалғыз актер. Ал бірінші орында Walt Disney Pictures компаниясының басшысы 65 жастағы Боб Айгер тұр.

Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында Ди Каприо Ресей президенті Владимир Путинмен және АҚШ лидері Барак Обамен бірге Time журналында ең ықпалды адамдардың қатарына енді.

24.kz-тің хабарлауынша, Голливуд актері ғаламшардың экологиялық проблемаларына баса назар аударып, қайырымдылық ісімен де айналысып жүр. Ал өткен жылғы тамыз айында Леонардо Ди Каприо Арал теңізінің қасіреті туралы өзінің instagram парақшасына жазды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!