Жарақатына байланысты аяғымен тік жүретін Педалс атты аю Желі жұлдызына айналды

Фотография - Жарақатына байланысты аяғымен тік жүретін Педалс атты аю Желі жұлдызына айналды

Фото: facebook/@Pedals The Injured Bipedal Bear

Аюдың бір аяғы жоқ, ал екінші аяғы жарақаттанған.

199 0

Нью-Джерси штатында Педалс атты қара аю жарақатына байланысты тек артқы екі аяғымен жүреді, және ол енді әлеуметтік желілердің жұлдызына айналды деп хабарлайды CBS News.

"Деловой" жүрісімен атақты болған аю бірнеше ай бұрын Оук-Риджде пайда болған және де үлкен қызығушылық танытқан. Ол кезден бері оны ешкім көрмеген. Шенеуніктер жергілікті тұрғындардан оны іздестіруге көмек сұраған. Түсірілген бейнеден көргеніміздей, оның дені сау және де ол үйлер маңынада тамақ табу мақсатында ширақ қозғалыс жасап жүр. Белгілі болғандай, жергілікті тұрғындар ұдайы тамақтандырып тұрады екен.


Алған жарақатынан Педалс артқы аяғымен қозғалуға мәжбүр, сондықтан оның жүрісі адамдікіне ұқсайды. Аюдың бір аяғы жоқ, ал екінші аяғы жарақаттанған. 

Қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік департаментінің өкілі Лоурен Найнаның айтуынша, Педалсқа осындай жабайы ортада өмір сүрген дұрыс, алайда егер оның денсаулығы нашарлайтын болса, онда оны ұстап Нью-Иорктегі қорыққа жіберетін боламыз дейді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!