Volkswagen ірі көлемде өтемақы төлейді

Фотография - Volkswagen ірі көлемде өтемақы төлейді

Алдағы уақытта 18 миллиард долларға дейін барады деген болжамдар жасалуда.

126 0

Әйгілі Volkswagen автоконцерні АҚШ-та дизель проблемасының шешілуі үшін 10,2 миллиард доллар төлеуге дайын. ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, неміс компаниясы көліктерге экологияға тарайтын қалдықтарды азайтып көрсететін құрылғы орнатқан.

Бұл қаржының басым бөлігі, автомобиль иелеріне өтемақы ретінде төленеді. Шамамен әрбіріне 7-10 мың доллар арасында тиеді. Ол сатып алынған көліктің шыққан жылына, сонымен қатар бірнеше факторларға байланысты болмақ.

Ал қалған бөлігі кері шақырылған автомобильдердің олқылықтарын жөндеуге және АҚШ-тың экологияны тазартуға арналған федералды және аймақтық бағдарламасын қаржыландыруға жұмсалады. Мәліметтер бойынша, компанияның шығын көлемі мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта 18 миллиард долларға дейін барады деген болжамдар жасалуда.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, автоконцерн басшылығы көлік иелеріне сатып алған бағасымен компанияға кері сатуына немесе тегін жөндеуден өткеннен кейін өзінде қалдыру туралы екі таңдау қояды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!