АҚШ-та Исломафобиялық әрекеттерге 200 млн. АҚш доллары жұмсалған

Фотография - АҚШ-та Исломафобиялық әрекеттерге 200 млн. АҚш доллары жұмсалған

Америка Ислам қатынасы Кеңесі жариялаған құжатта 76 ұйымның атауы көрсетілген.

274 0

Соңғы бес жыл ішінде Америка құрама штаттарында исламофобиялық әрекеттерге 206 млн доллар қаржы жұмсалған. Бұл жайында Америка Ислам қатынасы кеңесі мәлімдеп отыр. Кеңес отырысында, сондай-ақ, елдегі исламофобиялық әрекеттердң өршітіп отырған ұйымдар тізімі де жарияланған.

Америка Ислам қатынасы Кеңесі жариялаған құжатта 76 ұйымның атауы көрсетілген. Олардың 33-нің атқарып келген тікелей жұмысы америкалықтар арасында Ислам дінін жеккөрінішті етіп көрсету болған. Дәл осы 33 ұйымның соңғы бес жыл ішінде жұмсаған шығындары 206 млн долларды құрайды.

"Бұл ұйымдар тұтатқан жеккөрушілік оты нақты іс жүзінде мұсылмандар мен мешіттерге шабуылдарға ұласып, діни азшылықты құрайтын жамағат құқығын қорғайтын заңды бұзатын қастандықтарға жалғасып келеді", - дейді Кеңестің исламофобиямен күрес департаментінің өкілі Кори Сейлор.

muslim.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!