Сингапур әуежайына қону кезінде ұшақ отқа оранды

Фотография - Сингапур әуежайына қону кезінде ұшақ отқа оранды

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары, сонымен қатар авиатасымалдаушы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

205 0

Singapore Airlines әуе компаниясының ұшағы "Чанги" әуежайының ұшу-қону жолағында отқа оранды, деп хабарлайды дүйсенбіде РИА Новости Straits Times басылымына сілтеме жасай отырып.

Газеттің деректерінше, Ұшақ Сингапур — Милан бағытында рейс жасаған. Шамамен екі сағаттан кейін қозғалтқыштардың бірінде болған ақау салдарынан командир әуежайға қайта оралу шешімін қабылдады. Алдын ала ақпараттарға қарағанда, мұнда жанар-жағармайдың төгілуі мүмкін.  Қону кезінде ұшақтың оң жағында өрт шықты. Өрт сақшылары оқиға орнына бірнеше минуттан кейін жетті.  

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары, сонымен қатар авиатасымалдаушы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!