Испанияда парламенттік сайлауда Халықтық партия жеңіске жетті

Фотография - Испанияда парламенттік сайлауда Халықтық партия жеңіске жетті

Олар заң шығару органындағы 350 мандаттың 137-іне ие болған.

385 0

Испанияда кезектен тыс парламенттік сайлауда премьер-министр Мариано Рахойдың Халықтық партиясы жеңіске жетті, деп хабарлады 24.kz. 

Олар заң шығару органындағы 350 мандаттың 137-іне ие болған. Екінші орынға 85 мандатпен социалистер табан тіреді. Үшінші орын 71 мандатпен "Біріксек бәрі болады" солшылдар блогына бұйырды. Центристік "Азаматтар" партиясы 32 депутатын өткізе алған. Осылайша, ешбір саяси күш нақты көпшілік қолдауына ие бола алмай, өз бетінше үкімет құру мүмкіндігіне жеткен жоқ. Демек, Испания коалиция құру үшін күрделі келіссөздер жүргізуі тиіс деген сөз. Айта кеткен жөн, бұл елде жарты жылдың ішінде парламент сайлауы екінші рет өткізілді. Өткен жылдың желтоқсанында сайланған Конгресс Премьер-министрді тағайындай алмаған еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!