Йеменде лаңкестік әрекеттен 42 адам қаза тапты

Фотография - Йеменде лаңкестік әрекеттен 42 адам қаза тапты

Беліне байланған жарылғыш заттарын көпшілік ортасында іске қосып жарып жіберген.

187 0

Йеменнің оңтүстігіндегі Эль-Мукалла қаласында лаңкестердің шабуылынан қаза тапқандар саны 42 адамға жетті.

РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Ирак пен Левант содырлары" экстремистік әрекетті өз мойындарына алған. Ал осыған дейін 38 адамның опат болып, 24 тұрғынның түрлі деңгейде жарақат алғаны хабарланған.

Reuters агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, бұл істі 8 жанкешті ұйымдастырған. Беліне байланған жарылғыш заттарын көпшілік ортасында іске қосып жарып жіберген. Жергілікті билік өкілдері қаланың төрт ауданына бес рет шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

*ИШИМ (ДАИШ) – ҚР аумағында қызметіне тиым салынған террористтік ұйым. 

egemen.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!