Түркия президенті Су-24 ұшағы үшін Путиннен кешірім сұрады

Фотография - Түркия президенті Су-24 ұшағы үшін Путиннен кешірім сұрады

Мәлімдемеде Түркия үшін Ресейдің дос және стратегиялық әріптес болып табылатыны айтылған.

202 0

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Ресейдің Су-24 бомбардировщигі атып түсірілуіне байланысты Ресей президенті Владимир Путинннен кешірім сұрады. ras.kz хабарында түрік лидерінің мұны арнайы жолдаған мәлімдемесі арқылы жасағанын жазады.

Ердоған атып түсірілген Ресей ұшағы үшін Ресей президентінің алдында кешірім өтінді", деп баяндайды Кремль баспасөз қызметі. Түркия басшысы РФ президентінен кешірім өтінуден бөлек, Су-24 ұшағының атып түсірілуіне байланысты жағдайды реттеуге мүдделілік білдірген.

"Бізде Ресей Федерациясына қарайтын ұшақты атып түсіру жөнінде ешқашан алдын ала бір ниет болған жоқ …Барлық тәуекелді мойнымызға алып, көп жұмсай отырып, біз қаза тапқан ресейлік пилоттың денесін сириялық оппозиционерлерден алып, оны Түркияға әкелдік. Жерлеу алдындағы процедуралар діни және әскери үрдістерге сәйкес жүргізілді.

Мұндағы барлық жұмыстарды біз түрік-орыс қарым-қатынасына лайықты жоғары деңгейде атқардық. Мен енді қаза тапқан ресейлік ұшқыштың отбасына өзімнің сезімімді және көңіл айтуымды білдіре отырып, "кешіріңіздер" дегім келеді. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпын. Ресей пилоты ұшқышының отбасын түрік әулетін секілді қабылдаймыз. Жан жарасын жеңілдету мен келтірілген зардаптарды жеңілдету үшін біз кез келген бастамаға әзірміз", делінген Реджеп Тайип Ердоған мәлімдемесінде.

Мәлімдемеде Түркия үшін Ресейдің дос және стратегиялық әріптес болып табылатыны айтылған. Түрік билігі сол қарым-қатынасты бұзғысы келмейді.

Ердоған сондай-ақ Ресей пилотының өлімімен байланыстыра айтылып жүрген Түркия азаматына қатысты сот тексерісі басталып, жүріп жатқанын жазады. Ол болған жайға өзінің қатты өкініш білдіретінін айта келіп, Түркия мен Ресей арасындағы бұрынғы дәстүрлі достық қарым-қатынасты қалпына келтіру, сондай-ақ аймақтағы дағдарысты оқиғаларға бірлескен қимыл жасау, терроризммен күресу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын жеткізеді.

Еске сала кетейік, өткен аптада Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калын Түркия билігі Ресейдің Су-24 бомбардиовщигі атып түсірілгені үшін кешірім сұрап, оның өтеуін қайтару жайында жоспарлап отырмағанын айтқан еді.

Ресей мен Түркия қарым-қатынасындағы дағдарыс 2015 жылғы қараша айында бұл елдің Сириямен шекаралас аспанында Ресейдің Су-24 ұшағы атып түсірілгеннен кейін бұзылған болатын. Анкараның мәлімдемесі бойынша, Ресейдің Су-24 бомбардировщигі елдің әуе кеңістігі тәртібін бұзған. Ресей қорғаныс министрлігі ұшақтың Сирия жерінің үстінен ұшып бара жатқанын мәлімдеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!