Эйфель мұнарасы жабылды

Фотография - Эйфель мұнарасы жабылды

Осылайша жүздеген турист әлемдік ең танымал көрнекі орындардың біріне кіру мүмкіндігінен айырылды.

197 0

Париждегі Эйфель мұнарасы жабылды. Себебі қызметкерлер жұмысқа емес, шеруге шыққан.

Осылайша жүздеген турист әлемдік ең танымал көрнекі орындардың біріне кіру мүмкіндігінен айырылды. Тіпті кейбір шетелдік қонақтар Эйфель мұнарасына шығып, Париж шаһарын биіктен тамашалау үшін шалғай елдерден арнайы келген.

Қызметкерлер еңбек заңнамасының реформасына қарсы бас көтерді. Олар наразылық шараларын өткізіп жатқалы бірнеше айдың жүзі болды. Франция үкіметі ұсынған заң бойынша, жұмысқа қабылдау және одан шығару жолдары жеңілдейді, жұмыс сағатының саны артады және еңбекақы көлемі де қысқаруы мүмкін.

Президент Франсуа Олландтың айтуынша, бұл шаралар соңғы жылдары деңгейі 10 пайыздан асып кеткен жұмыссыздықты қысқартуға мүмкіндік береді. Ал кәсіподақтар заң жобасы еңбеккерлердің мүддесін аяқасты етеді дейді.

bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!