АҚШ-та пойыз апатынан 3 машинист қаза тапты

Фотография - АҚШ-та пойыз апатынан 3 машинист қаза тапты

Отарбалар қарама-қарсы бір жолда келе жатқан.

135 0

АҚШ-тың Техас штатындағы екі жүк пойызы соқтығысынан 3 машинист қаза тапқан, деп хабарлады 24.kz.

 Тағы біреуі ауруханада жатыр. Естеріңізге сала кетейік, апат 28 маусымда болған. Отарбалар қарама-қарсы бір жолда келе жатқан. Оқиға соңы алапат өртке ұласып, жергілікті билік жақын маңдағы тұрғындарды қауіпсіз жаққа шұғыл көшірген. АҚШ-тың Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық басқармасы апат себебін тергеп, жол айырықта пойыздар қозғалысына бақылау жасайтын жүйенің орнатылмағанын анықтады. Бұл тетік қолайсыз ауа райы немесе жол бойында жүргізілетін жөндеу жұмыстары кезінде жылдамдықты азайтуға мүмкіндік береді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!