Toyota 1,43 млн көлігін кері қайтарады

Фотография - Toyota 1,43 млн көлігін кері қайтарады

Себебі 2012 жылға дейін шығарылған Prius пен Lexus көліктеріндегі сақтық жастықтарында ақау бар.

154 0

Жапониялық Toyota концерні бүкіл әлем бойынша бір жарым миллиондай көлігін кері қайтаратын болды. Себебі 2012 жылға дейін шығарылған Prius пен Lexus көліктеріндегі сақтық жастықтарында ақау бар. Өндірушілердің айтуынша, жастықтардың компрессорында кішкентай жарық табылған. Осының салдарынан жастық өз бетімен үрленіп, жүргізуші немесе жолаушыға зақым тигізуі мүмкін. Жапонияда осындай 7 оқиға тіркелген. Бірақ бұл оқиғалардан әлдекімнің жарақат алғаны туралы ақпарат жоқ, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!