Ұлыбританияның Премьер-министрі әйел адам болуы мүмкін

Фотография - Ұлыбританияның Премьер-министрі әйел адам болуы мүмкін

Кезектен тыс сайлау өткізу Үкімет басшысы Дэвид Кэмерон отставкаға кетуіне байланысты болып отыр

292 0

Ұлыбританияның Ішкі істер министрі Тереза Мэй өз кандидатурасын Консервативтік партия басшылығына ұсынды. 

Бұл туралы ол Times газетінің бүгінгі санында жариялаған. Мэй жеңіске жеткен жағдайда Премьер-министрдің орнына жайғасады. Саясаткер мақаласында басты міндеті Ұлыбританияны барлық адамға бірдей лайықты елге айналдыру екенін атап көрсеткен. Айта кеткен жөн, кезектен тыс сайлау өткізу Үкімет басшысы Дэвид Кэмерон Корольдіктің Еуропалық Одақтан шығу туралы референдумы нәтижесіне байланысты отставкаға кететінін мәлімдегеннен кейін туындады. Премьерлік таққа таласта Мэйдің басты қарсыласы Лондонның бұрынғы мэрі Борис Джонсон болады. Бірақ сарапшылар Мэйдің жеңіске жету мүмкіндігі мол деп есептейді. Әлеуметтік сауалнама қорытындысы оған партияластарының 30, ал Джонсонға 24%-ы дауыс беруге дайын екенін көрсеткен, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!