Әлемдегі ең үлкен алмаз бәссаудаға қойылды

Фотография - Әлемдегі ең үлкен алмаз бәссаудаға қойылды

Болжам бойынша, оның 3 миллиард жылдық тарихы бар.

132 0

Бүгінге күнгі әлемдегі ең үлкен алмаз тас Ұлыбританияның Лондон қаласындағы «Сотбис» аукционына қойылды. ru.tsn.ua сайтының ақпараттарына сәйкес, көлемі теннис добындай болатын асыл тас 50 миллион фунтқа, яғни 74 млн. доллардан астам сомаға бағаланып отыр.

Lesedi la Rona (тсвана тілінен аударғанда – "Біздің әлем") деген атауға ие болған алмаз өткен жылы Ботсвана мемлекетінен табылған. Болжам бойынша, оның 3 миллиард жылдық тарихы бар. Салмағы 1109 каратты құрайтын бағалы зат осыған дейін табылғандардың арасында көлемі жағынан екінші орында тұр.

Ал дүние жүзінде бүгінге дейінгі алмаздардың ішінде ең ірісі – Кулинан деп аталады. Ол 1905 жылы Оңтүстік-Африка Республикасынан табылған. Салмағы 3106 карат болатын оның бағасы 2 миллиард долларды құрайды. Құнды гауһар Ұлыбритания королі Эдуард VII-ге сыйға тартылған. Кейіннен ол 9 ірі, 96 ұсақ бөлікке бөлінген. Ірілері британиялық королдің тәжіне қойылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!