Түркияда терактіге қатысы бар деген күдікпен 9 адам ұсталды

Фотография - Түркияда терактіге қатысы бар деген күдікпен  9 адам ұсталды

Бірнеше жүз полицей қатысқан операция Ыстамбұл мен Измирде және аталған қалалардың төңірегінде өткізілді.

281 0

Түркия полициясы рейд барысында Ыстамбұл әуежайындағы терактіге қатысы бар деген күдікпен тоғыз адамды ұстады.

Бірнеше жүз полицей қатысқан операция Ыстамбұл мен Измирде және аталған қалалардың төңірегінде өткізілді. Тінту барысында  кейбір мекенжайлардан оқ қару, электронды ақпарат тасығыштар табылды.  Ұсталғандар "ДАИШ" террорлық тобы мүшелеріне материалдық қолдау көрсетті,  қатарларына адамдарды тартуға көмектесті деген күдік бар.

Естеріңізге сала кетейік, 28 маусымда Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайында екі бірдей жарылыс болды. 30-дан астам адам қайтыс болып, жараланғандардың саны  100-ден асты. Соңғы мәлімет бойынша, жарылысты "ДАИШ" террорлық тобы жасаған. Қаза тапқандардың арасында 13 елдің азаматы бар. 

*ИШИМ (ДАИШ) – ҚР аумағында қызметіне тиым салынған террористтік ұйым. 





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!