Алмазбек Атамбаев: Ұры министр болғанша, еден жуған немесе аула сыпырған артық

Фотография - Алмазбек Атамбаев: Ұры министр болғанша, еден жуған немесе аула сыпырған артық

Қырғызсатн президенті бітірушілердің Алтын сертификаттар мен стипендия табыстау салтанатына қатысты.

674 0

Қырғызсатан президенті Алмазбек Атамбаев мектеп бітірушілерін ешқандай жұмыстан қорықпауға шақырды, соның ішінде үй жинаушы мен аула сыпырушы қызметінен де. Алтын сертификаттар мен стипендия табыстау салтанатында сөз сөйлеген көрші ел президенті студент кезінде өзінің де жұмыс істеуіне тура келгенін айтты. Осыған қарамастан ол институтты тек беспен бітіріп шыққан, деп жазады Today.kz.

"Кейібір министрлер бар, былай дейді: "Міне, кей адамдар жинаушы болып істейді", ал мен айтқым келетіні, өзім де аула сыпырушы, качегар, жүк тасушы болып істегенмін. Ешбір жұмыста ұяттық жоқ. Ұры министр болғанша, еден жуған немесе аула сыпырған артық. Ешбір жұмыстан арланбаңдар. Маған кейіндері мектепті жақсы бітіргенім көмектесті. Осы базалық білімнің сіздерге берері мол. Сіздер қалаған мамандық бойынша Қырғызстанның қалаған ЖОО-ны таңдай аласыздар. Сіздер таңдаудан жаңылыспайсыздар деген үміттемін, өйткені бізге сауатты адамдар керек", - деді Атамбаев.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанның мәдениет және спорт министрінің айтқанына жауап қайырған Ресейде жұмыс істейтін екі қырғыз қызын Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың атынан марапаттаған болатын. Рисалят-эже Карабаева мен Гуля-эже Кожаева естелік сыйлықтармен және ақшалай марапатталды, сонымен қатар белсенді азаматтық позициясы үшін алғыс айтылды.

23 мамыр күні Астанадағы қорытынды кездесу барысында Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сұраққа жауап бере отырып, Шыңғыс Айтматов қырғыз халқының болашағын болжап кеткен деген пікір айтты. Шенеунік Мәскеу мен өзге қалаларда әуежай дәретханаларын жуып жүрген қырғыз қыздарына жаны ашитындығын айтқан. Ал Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі бұған қатысты қарсылығын білдірген, алайда кейін қарсылықтар реттелген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!