Қытайда әлемдегі ең үлкен телескоп орнатылды

Фотография - Қытайда әлемдегі ең үлкен телескоп орнатылды

Мамандар 4450 көріністі ұлғайтқыш құралдарды орнатты.

232 0

Қытайдың оңтүстік-батыс бөлігіндегі Гуйчжоу провинциясында әлемдегі ең үлкен телескоптың құрылысы аяқталды, деп хабарлайды ТАСС.

Мамандар 4450 көріністі ұлғайтқыш құралдарды орнатты. Олардың басым бөлігін FAST (Five hundred meter Aperture Spherical Telescope) телескоптары құрайды.  

Агенттіктің хабарлауынша, FAST рефлекторының диаметрі – 500 метр.

Телескопты құрастыру барысында Қытай билігі мен техникалық мамандар көптеген кедергілерге тап болды.

Тіпті құрылыс алаңынан 5 км аймақтағы Пинтан және Лодянь таулы уездерінде тұрып жатқан 9 мыңнан астам адамды өзге аймаққа көшіру қажет болды.

Телескоптың көмегімен астрономдар 11 млрд жарық жылдарды құрайтын қашықтықта жатқан ғарыш нысандарын бақыламақ.

kaztrk.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!