Ресей азаматтары Түркия жеріне кіре бастады

Фотография - Ресей азаматтары Түркия жеріне кіре бастады

Ғаламторда сұраныс ғана емес, ұсыныс та артты. Атап айтқанда, жарты күннің ішінде ұсыныстардың саны 200-ден 500-ге дейін өсті.

235 0

Жақында Түркия президенті Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Ресей басшысы Владимир Путин түрік курорттарына туристік жолдамадарды сатуға шектеуді алып тастау туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz.

Аталған шектеуді алып тастаған соң, орыстардың Түркияға баратын турларды іздеу көрсеткіші төрт есеге көбейді. Ғаламторда сұраныс ғана емес, ұсыныс та артты. Атап айтқанда, жарты күннің ішінде ұсыныстардың саны 200-ден 500-ге дейін өсті.

Осылайша, бір күннің ішінде түрік курорттары Крым мен Сочиді артқа тастап, алға шықты. Себебі аталған үш курорттық жердің бағаларында үлкен айырмашылық жоқ. Түркия 40 мың рубль тұрса, Крымға бару үшін 35 мың рубль, ал Сочиге 37 мың рубль кетеді. Содан болар, қазір түрік курорттарына қызығатын адамдардың саны үш есеге артық болып тұр. Бұл ақпаратты РФ Туристік индустрия одағы да растап отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!