Қытайда нөсер салдарынан 61 адам ажал құшты

Фотография - Қытайда нөсер салдарынан 61 адам ажал құшты

Тағы 14 тұрғын із-түзсіз кеткендер қатарында.

168 0

Қытайда толассыз жауған нөсер салдарынан соңғы екі апта ішінде 60-тан астам адам қаза тапты, деп хабарлады 24.kz. 

Тағы 14 тұрғын із-түзсіз кеткендер қатарында. Төпелеп жауған жаңбырдан Хубэй және Аньхой провинцияларының халқы аса қатты зардап шеккен. Мұнда шамамен 18 миллион тұрғын шұғыл түрде эвакуацияланды. Көлкіген су 400 мың ғимарат пен 1,5 миллион гектар егіс алқабын басып қалған. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітер емес. Олар ақ жауын әлі біраз уақыт басылмайды деп топшылап отыр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!